- Барлық ақпарат
Жеңіске 80 жыл: Қазақстанда 500-ден астам көшеге елеусіз қалған қаһармандардың есімі беріледі
Қазақстанда 500-ден астам көшеге бұған дейін елеусіз қалған жергілікті қаһармандардың есімі беріледі, деп хабарлайды KAZINFORM.
ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында осындай мәлімет айтты.
— Енді екі аптадан кейін әлемдік маңызы бар тарихи оқиға — Ұлы Жеңіске 80 жыл толады. Біз бұл мерейтойды кең көлемде атап өтеміз. Қазақстанның майдангерлері мен тыл еңбеккерлері — барша халқымыз Отан үшін отқа түсті. Ұлы Жеңістің тағылымы барша халыққа, әсіресе, саясаткерлерге ксенофобияға, нәсілдік және ұлттық үстемдікке, халықаралық құқық қағидаттарын құрметтемеуге құрылған жауапкершіліктен жұрдай саясат жүргізудің салдары қандай қасіретке әкелетінін әлі күнге дейін көрсетіп отыр. Бірер күн бұрын менің тапсырмаммен Республикалық ономастикалық комиссия елді мекендердегі 500-ден астам көшеге бұған дейін елеусіз қалған жергілікті қаһармандардың есімін беру туралы шешім қабылдады, — деді ҚР Мемлекет басшысы.
people.cn © People's Daily Online