Үрімжіде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саяси партиялар форумы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 сәуір

25 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 23 сәуірде Үрімжіде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саяси партиялар форумы өтті. Форумды Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің шетелмен байланыс жасау министрлігі мен Қытай Коммунистік Партиясы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы комитеті бірлесіп ұйымдастырды. Тәжікстан Президенті және Халықтық Демократиялық Партияның Төрағасы Эмомали Рахмон форумға құттықтау хат жолдады. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас Хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Ресей Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Владислав Даванков, Өзбекстан Жоғарғы Кеңесі Заң шығарушы органы спикерінің орынбасары Ходжаева және ШЫҰ-ның 20-дан астам елінен келген 60-тан астам саяси партия мен саяси ұйымның басқа да жетекшілерін, Қытайдағы кейбір елшілерді қоса алғанда форумға 200-ден астам адам қатысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото