- Барлық ақпарат
Қытайда нар мен түйенің аралас нәсілді ботасы дүниеге келді
23 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайда нар мен түйенің будандасқан ботасы дүниеге келді. Бұл шұбат өндірісіндегі түйіткілді шешуге септігін тигізеді.
2025 жылдың сәуірінде Ішкі Моңғұлдың Алашань жерінде Қытайдағы нар мен қос өркешті түйені будандастырылған 5 өркешті бота өмірге келді. Бұл түйе сүтінің жоғары өнімді гендерін зерттеудегі үлкен жетістік болды.
Алашаньға қарасты Алатен өңіріндегі өнімділігі жоғары сүтті түйе өсіру базасында он жылға жуық зерттеулерден кейін ғалымдар эмбриондарды тасымалдау технологиясы арқылы нар гендерін енгізді. Қос өркешті түйе сияқты қоршаған ортаға бейімделе алатын түліктер мен күніне көп сүт беретін нардың ерекшелігіне ие аралас тұқымды түйе ботасын өмірге әкелді. Нардың орташа тәуліктік сүт өндірісі 15 кг құрайды. Ал қос өркешті түйе тәулігіне небары 2,5-3,5 кг сүт береді. Бұл будандастырудың жетістігі түйе өнеркәсібіне жаңа серпін берді.
Елдегі қос өркешті түйенің негізгі өндірістік аймағы болған Алашаньда 68 000 түйе бар. Бұл өңір ресурстардың артықшылықтарына сүйене отырып, «ғылыми зерттеулер+асылдандыру+өңдеудің» тұтас өнеркәсіптік тізбегін құрды. Зерттеу тобы бір жыл ішінде 10 ботаны, келесі жылы 40 будандасқан ботаны өсіруді жоспарлап отыр. Ғалымдар қос өркешті түйенің сүт өндірісін 3,5 кг-нан 7 кг-ға дейін арттыруды және түйе сүтін кең көлемде өндіруді оңтайландыруды мақсат етеді.
people.cn © People's Daily Online