Қытай 2027 жылдың 1 сәуірінен бастап жаңа энергетикалық көліктерге арналған экспорттық ҚҚС бойынша қайтарым мөлшерлемесін 13%-дан 9%-ға дейін төмендетеді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 13 қазан

13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 12 қазан күні Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік салық басқармасы белгілі бір өнімдерге қатысты экспорттық салықты қайтару саясатын өзгерту туралы хабарлама жариялады.

Хабарламада 2027 жылдың 1 сәуірінен бастап жаңа энергетикалық көліктерге арналған қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша экспорттық қайтарым мөлшерлемесі 13%-дан 9%-ға дейін төмендетілетіні және электронды темекі құрылғылары сияқты өнімдерге ҚҚС бойынша экспорттық қайтарымдардың күші жойылатыны айтылған. Сондай-ақ осы санаттарға жататын және тұтыну салығы салынатын өнімдер үшін экспорттық тұтыну салығы саясаты өзгермейтіні, ал тұтыну салығын қайтаруға (немесе одан босатуға) қатысты қолданыстағы ережелердің күшін сақтайтыны нақтыланған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото