Футболдан ӘЧ-2026: Криштиану Роналдудың қос голы Португалияға жеңіс сыйлады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 24 маусым

Фото:Синьхуа

Фото:Синьхуа

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында K тобында Португалия - Өзбекстан құрамалары кездесті. Бұл туралы Kazinform жазды.

Ойынның алғашқы минутынан Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы алға қарай ұмтылды. Жылдам гол соғуға ұмтылған олар дегеніне жетті. Криштиану Роналду 6-минутта өзінің әлем чемпионатындағы алғашқы голын соғып үлгерді. Одан кейін әріптесі Нуну Мендеш 17-минутта көзге түссе, Криштиану Роналду 39-минутта екінші голдың авторы атанды.

Атақты футболшы өз мансабында әлем чемпионаты финалдық кезеңінде он гол соғып үлгерді. Қазірге дейін ол ұлттық құрама сапында 229 кездесуде 143 гол соққан еді.

Португалдық шабуылшы ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатында соққан еді. Алғашқы голын ол Иран құрамасы қақпасына пенальтиден енгізді.

Бүгінгі кездесуде тағы екі гол екінші кезеңде соғылды. Оны 60-минутта өзбекстандық қақпашы Абдувохид Нематов өз қақпасына соғып алса, португалиялық Рафаэл Леау 87-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Португалия құрамасы қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото