- Барлық ақпарат
Месси әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атанды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 маусым

Лионель Месси футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Бұл туралы Kazinform жазды.
2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда Австрия құрамасына қарсы матчта 38 жастағы шабуылшы ойынның 39-минутында гол соқты.
Осылайша Месси әлем чемпионаттарындағы 17-голын тіркеп, тарихи рекорд орнатты.
Ол бұған дейін 16 голмен көш бастап тұрған Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозенің рекордын жаңартты.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ; Канада мен Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.
Қазіргі әлем чемпионы — Аргентина құрамасы.
Фото:Синьхуа
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



