2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында Қытайға тартылған шетел инвестициясының көлемі 327,29 миллиард юаньды құрады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 маусым

23 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сауда министрлігінің 22 маусымда жариялаған деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында Қытайда жаңадан құрылған шетел капиталы қатысқан кәсіпорындардың саны 25 297-ге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға өсті; нақты пайдаланылған шетел инвестициясының көлемі 327,29 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6 пайызға төмендеді. Мамыр айында нақты пайдаланылған шетел инвестициясы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9 пайызға ұлғайды.

Салалық тұрғыдан алғанда, өңдеу өнеркәсібіне нақты пайдаланылған шетел инвестициясы 86,97 миллиард юаньды, қызмет көрсету саласына нақты пайдаланылған шетел инвестициясы 234,15 миллиард юаньды құрады. Жоғары технологиялық салаларға тиісті пайдаланылған шетел инвестициясы 130,14 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4 пайызға артты. Бұл елдегі нақты пайдаланылған шетел инвестициясының жалпы көлемінің 39,8 пайызын құрап, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9,4 пайыздық тармаққа өсті. Оның ішінде ғылыми-зерттеу және жобалау-дизайн қызметтері, компьютерлер мен кеңсе жабдықтарын, электрондық және байланыс жабдықтарын өндіру салаларындағы нақты пайдаланылған шетел инвестициясы сәйкесінше 96,2 пайызға, 29,7 пайызға және 18,2 пайызға өсті.

Инвестиция көздеріне қарағанда, Сауд Арабиясының, Малайзияның, Швейцарияның және Америка Құрама Штаттарының Қытайға нақты инвестициялары сәйкесінше 285,5 пайызға, 108,6 пайызға, 49,4 пайызға және 17,3 пайызға өскен.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото