- Барлық ақпарат
Дүниежүзілік банк Қазақстанға цифрландыру және ЖИ бағдарламасындағы негізгі серіктес болуды ұсынды

Primeminister.kz-тің суреті
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Киммен кездесті, деп хабарлайды ҚР үкіметінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы цифрландыру, жасанды интеллект, GovTech және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сангбу Ким Қазақстанды Дүниежүзілік банктің цифрландыру және жасанды интеллект жөніндегі жаһандық стратегиясының негізгі серіктес әрі қатысушы ел болуға шақырды. Бағдарлама цифрлық экономикаға инвестиция тартуға бағытталған. Типтік келісім бағыттары цифрлық байланыс пен инфрақұрылымды дамыту, цифрлық мемлекеттік платформалар мен сәйкестендіру жүйелерін жетілдіру, деректерді реттеу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық дағдыларды дамыту және жасанды интеллект экожүйесін ілгерілетуді қамтиды.
people.cn © People's Daily Online



