Қазақстанда бес айдың ішінде ішкі жалпы өнім 3,7 пайызға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 16 маусым

Primeminister.kz-тің суреті

Қазақстанда бес айдың ішінде ішкі жалпы өнім 3,7 пайызға өсті, деп хабарлады ҚР үкіметінің баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, бес айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 3,7%-ды құраған. Өңдеу өнеркәсібінде өсім – 9%. Машина жасауда өндіріс көлемі 22,2%-ға ұлғайды. Қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 81 мыңнан астам автокөлік құралдары жасалды. Өсім химия өнеркәсібінде 17,8%-ға және құрылыс материалдары өндірісінде 18,7%-ға қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 103,6% болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото