- Барлық ақпарат
Қытай Ресей үшін визасыз режимді 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартатын болды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 мамыр

21 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 20 мамыр күні кезекті баспасөз мәслихатында Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Гуо Цзякунь Қытай мен Ресей арасындағы халықтың барыс-келісін жеңілдетуді жалғастыру мақсатында Қытай Ресей үшін визасыз режимді 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Қарапайым төлқұжаты бар Ресей азаматтары іскерлік, туризм, туысшылау, алмасу немесе транзит сияқты мақсаттар үшін Қытайға 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз кіре алады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



