Орталық дәліздегі Қытай-Еуропа пойыздарының өту саны биыл 1500-ден асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 30 сәуір

30 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 28 сәуірде «Қытай темір жолы» Хух-Хото компаниясы жариялаған мәліметке сәйкес, биылғы жылдың 27 сәуіріне қарай Орталық дәліздегі Қытай-Еуропа пойыздарының бір ғана шетелге шығу-кіру бекеті саналатын Эрэн-Хото теміржол бекетінен 1515 пойыз өтіп, 144,9 мың контейнер жүк тасымалданған. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 19,7% және 12,3%-ға артқан.

Эрэн-Хото теміржол бекеті Моңғолияның Замын-Үүд бекетімен «күнделікті диалог, ай сайынғы кездесу» тетігін тиімді іске асырып, шекара маңы бекеттерінің «екі бекеттің бірігуі» моделін тереңдетті. Бұл екі бекеттегі вагон ағындары мен қоймадағы жүк жағдайын динамикалық түрде ортақ пайдалана отырып, Қытай-Еуропа пойыздарының жылдам өтуі мен тасымалын қамтамасыз етуде.

Эрэн-Хото теміржол бекеті арқылы өтетін Қытай-Еуропа пойыздарының бағыты 75-ке жетіп, олар Германия, Польша және тағы басқа 10-нан астам елдің 70-тен астам негізгі бекетін қамтиды. Транзиттік жүктері алуан түрлі - жаңа энергия көліктері мен олардың қосалқы бөлшектері, жоғары технологиялық машиналар мен жабдықтар сияқты жоғары қосымша құны бар өнімдердің үлесі үнемі артып келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото