Қытай-Ресей трансшекаралық саудасының жаңа экожүйелік индустриялық базасы Үрімжіде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 сәуір

29 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 28 сәуірде Қытай-Ресей трансшекаралық саудасының жаңа экожүйелік Шыңжаң индустриялық базасы Үрімжі халықаралық құрлықтық порт аймағында ресми түрде келісімшартқа қол қойылып, ашылды. Бұл база тауарларды шоғырландыру, трансшекаралық электрондық коммерция, логистикалық жеткізу, жеткізу тізбегі қызметтері және индустриялық инкубация сияқты кезеңдерді қамтитын толық тізбекті трансшекаралық сауда жүйесін құруға бағытталған.

Бұл индустриялық базаны Шыңжаң халықаралық құрлықтық порт (топ) жауапкершілігі шектеулі компаниясы мен Шэньчжэнь Хэнтуншунь Индустриялық дамыту жауапкершілігі шектеулі компаниясы бірлесіп басқарады. Шэньчжэнь Хэнтуншунь – Ресейдегі ең ірі электрондық коммерция платформасы Wildberries (қысқаша WB) компаниясының Қытай саудагерлеріне қызмет көрсету орталығы Шэньчжэнь бөлімшесінің серіктес операторы. Ол базаға орналасқан кәсіпорындарға ресурстармен байланысу, платформаға орналасу бойынша нұсқаулық және операциялық қолдау көрсетіп, қытайлық брендтердің шетел нарығына шығу кедергісін төмендетуге көмектеседі.

Шэньчжэнь Хэнтуншунь Индустриялық Дамыту жауапкершілігі шектеулі компаниясының бас директоры, WB Қытай саудагерлеріне қызмет көрсету орталығы Шэньчжэнь бөлімшесінің директоры Лю Лияньның айтуынша, Wildberries платформасы 2025 жылы жаһандық трансшекаралық бизнесті толық іске қосып, алғашқы базасын Қытайда орнатқан. Ол: «Бұл индустриялық базаның Шыңжаңда орналасуы қытайлық брендтердің Ресей және Шығыс Еуропаның негізгі нарықтарына тиімді шығуына көмектеседі», – деп атап өтті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото