Қытай дипломатиялық қатынасы бар барлық африкалық елдерге нөлдік кедендік баж салығын ұсынады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 сәуір

29 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Мемлекеттік кеңесінің Кедендік тарифтер жөніндегі комитетінің хабарламасына сәйкес, 2026 жылғы 1 мамырдан 2028 жылғы 30 сәуірге дейін Қытай өзімен дипломатиялық қатынасы бар, бірақ ең аз дамыған елдер санатына кірмейтін 20 африкалық елге арнайы бағам түрінде нөлдік кедендік баж салығын ұсынады.

2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қытай өзімен дипломатиялық қатынасы бар ең аз дамыған елдердің қатарындағы 33 африкалық елді қоса алғанда, барлығына тауар номенклатурасының 100% бойынша нөлдік кедендік баж салығын берді.

Жаңа кедендік тариф саясаты күшіне енгеннен кейін, Қытай барлық африкалық дипломатиялық әріптестеріне және барлық дипломатиялық қатынасы бар ең аз дамыған елдерге біржақты және толық қамту негізінде нөлдік кедендік баж салығын енгізген әлемдегі алғашқы ірі экономикаға айналады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото