- Барлық ақпарат
Чжэн Ливэнь Қытай Гоминьдан партиясының делегациясын бастап, Сунь Ятсен кесенесіне барды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 сәуір

8 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 8 сәуір таңертең Қытай Гоминьдан партиясының төрағасы Чжэн Ливэнь өз делегациясын бастап, Нанкиндегі Сунь Ятсен кесенесіне барды.
Сунь Ятсен кесенесі Нанкиннің шығыс жағында орналасқан. Қытайдың демократиялық төңкерісінің ұлы көсемі Сунь Ятсен 1925 жылы Бейжіңде қайтыс болып, 1929 жылы осы жерге жерленген.
Сунь Ятсен кесенесіне барып, еске алу Қытай Гоминьдан партиясы төрағаларының Қытай материгіне сапарындағы ұзақ уақыттан бері дәстүрге айналған маңызды шара болып саналады. Чжэн Ливэньнің бұл сапары Қытай Гоминьдан партиясы төрағасының араға 10 жыл салып Қытай материгіне сапар шегуі. Делегация Цзянсу, Шанхай және Бейжіңге сапар жасайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



