- Барлық ақпарат
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Иран Ислам Республикасындағы жағдай туралы мәлімдемесі

3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер Орта Шығыстағы оқиғаларға және Иран Ислам Республикасына жасалған қарулы шабуылға байланысты алаңдаушылық білдіреді.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер күш қолдануды қабылдауға болмайтын әрекет деп санайды. Сонымен қатар, қазіргі қақтығысты шешудің жалғыз жолы болса халықаралық құқыққа және БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына сәйкес диалог, өзара құрмет және барлық тараптың заңды мүдделерін ескеру арқылы жұмыс жасау екенін қолдайды.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Иранның ұлттық егемендігін, қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын сөзсіз қамтамасыз ету қажет екенін ерекше атап өтті. Барлық тарапты ұстамдылық танытып, жағдайды одан әрі ушықтыруға әкелетін әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырады. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның Қауіпсіздік Кеңесін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы шұғыл шаралар қабылдауға үндейді.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер шабуыл себебінен қайтыс болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтып, Иран үкіметі мен халқына қолдау білдіреді.
people.cn © People's Daily Online



