- Барлық ақпарат
Ван И: Қытай халықаралық қатынастарда күш қолдануға қарсы
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 наурыз

2 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Ирандағы жағдай туралы телефон арқылы сөйлесіп, талқылағанда Қытай БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын үнемі қолдайтынын және халықаралық қатынастарда күш қолдануға қарсы екенін мәлімдеді.
Ван И АҚШ-Иран келіссөздері кезінде АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылдары, сондай-ақ егеменді елдің көшбасшысын ашықтан-ашық өлтіруі, саяси билікті өзгертуге шақыруы қабылдауға болмайтын іс екенін атап өтті.
Ван И Қытайдың Иран мәселесіндегі ұстанымы әскери әрекеттерді дереу тоқтату, диалог пен келіссөздерге мүмкіндігінше тезірек оралу, сонымен бірге біржақты әрекеттерге бірлесіп қарсы тұруды талап ету екенін атап өтті.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



