Қытай «Импортты ынталандыру бойынша қызметтер каталогының» жаңа нұсқасын шығарды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 ақпан

27 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың Сауда министрлігі және басқа жеті департамент бірлесіп «Импортты ынталандыру бойынша қызметтер каталогының» жаңа нұсқасын шығарды. Қайта қаралған құжат мазмұны «ҒЗТКЖ және жобалау қызметтері», «Энергияны үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау қызметтері», «Экологиялық қызметтер», «Консалтингтік қызметтер» сияқты төрт санатты сақтап, «Медициналық және денсаулық сақтау қызметтері» және «Басқа кәсіби қызметтер» деген екі санатты қосты.

Олардың ішінде «Медициналық және денсаулық сақтау қызметтеріне» жоғары сапалы шетелдік медициналық ресурстарды енгізуге бағытталған «Салмақты науқастарға медициналық қызметтер» және «Күтімдеу-оңалту және денсаулықты нығайту қызметтері» кіреді.

«Басқа кәсіби қызметтерге» «Жасыл құрылыс (инженерлік) және басқа да төмен көміртекті жобалау, бағалау немесе сертификаттау қызметтері» және «Жеткізу тізбегін басқару қызметтері» кіреді.

«ҒЗТКЖ және жобалау қызметтеріне» «Төмен көміртекті ҒЗТКЖ және жобалау қызметтері», «интегралды схемаларды ҒЗТКЖ және жобалау қызметтері» қосылды.

Сонымен қатар каталогтың жаңа нұсқасында «Цифрлық технологияларды дамыту қызметтері» және «Техникалық тестілеу және талдау қызметтері» сияқты қолданыстағы жазбалар оңтайландырылды және түзетілді, сондай-ақ «Тек ауаның ластануын бақылау қызметтері» сияқты отандық бәсекеге қабілеттілігі жоғары мазмұн жойылды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото