Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 26 ақпан

25 ақпан күні Қазақстанның Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды KAZINFORM.

— Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында, — делінген хабарламада.

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото