- Барлық ақпарат
Каспийді құтқаруға 1,1 млрд теңге бөлінді
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 25 ақпан

Фотосурет: DKNews.kz
Каспий теңізі соңғы жылдары жиі талқыланатын тақырыпқа айналды. Су деңгейінің төмендеуі, балық қорының азаюы, экологиялық қауіптерге байланысты ҚР Үкіметі резервінен «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ға 1,1 млрд теңге бөлінді деп хабарлайды DKNews.kz.
Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды. Бұл шешім Президенттің Каспийді кешенді зерттеу және сақтау жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында қабылданды.
Бөлінген қаражаттың нақты бағыттар төмендегідей:
Теңізде тұрақты мониторинг жүргізуге арналған заманауи жабдықтар сатып алу;
Гидробиологиялық зертханаларды жаңарту;
Гидрохимиялық зертханаларды толық жарақтандыру;
Қазақстандық сектор бойынша ғылыми-негізделген деректер базасын қалыптастыру.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



