Елімізге келетін шетелдік туристер көбейіп келеді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 қаңтар

7 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жаңа жыл мерекесі кезінде шетелден елімізге келетін туризм нарығы белсенді болды. Визасыз режим аясында елге 292 000 шетелдік келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,8%-ға артқан.

Онлайн саяхат платформаларынан алынған деректерге сәйкес, жаңа жыл мерекесі кезінде 97 ішкі қала шетелдік туристерді қарсы алған. Бұл Қытайға келетін туризм бағыттарының әртараптандырылған үрдісін көрсетеді. Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу және Шэньчжэнь туристік танымалдығын сақтаса, Дали, Сишуанбаньна және Чжаньцзян сияқты жергілікті ерекшелігі бар шағын қалаларда ішкі туризм үш еседен астам өсті. Әр аймақ этникалық музыкалық аспаптар қойылымдарын және материалдық емес мәдени мұра көрмелерін ұсынды.

Халықаралық әуе бағыттарының үздіксіз өсуі, қар-мұз туризмі үшін бірнеше жаңа тікелей және чартерлік рейстердің ашылуы Қытайға келіп қар-мұздан ләззат алатын саяхаттаушылар санын еселеп, шекарааралық туризмдегі жаңа үрдіске айналды. Қытайдың солтүстік-шығысындағы, Шыңжаңдағы және Юньнаньдағы бірнеше қар-мұз көрікті аймақтарында шетелдік туристердің келуі өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда айтарлықтай өсуде. Солардың ішінде Харбинге келетін туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 77,9%-ға жоғарылап, олардан түскен табыс 88,1%-ға артты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото