- Барлық ақпарат
Қытайды түсіну |Гун Цзюн мен Джон Квелчтің диалогы:«15-інші Бесжылдықтың» даму күн тәртібі мен мақсаты қандай?
7 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Бесжылдық жоспарды ғылыми тұжырымдау және үздіксіз жүзеге асыру - Қытай Коммунистік партиясы үшін елді басқарудың маңызды тәсілі, сондай-ақ халықаралық қауымдастық үшін Қытай стиліндегі модернизацияны түсінудің маңызды терезесі. Онлайн «Халық Газеті» «Қытайды түсіну» атты бағдарламаны ұсынды. Бағдарлама «15-інші Бесжылдық» жобасының ұсыныстарына назар аудара отырып, Қытайдың жоспарлауын, Қытайдың мүмкіндіктерін, Қытайдың басқаруын түсіндіріп, қате түсіну мен түсінбеушіліктерді жоюға, түсіну мен тануды арттыруға бағытталған.
«Қытайды түсіну» бағдарламасының кезекті санына Халықаралық бизнес және экономика университеті, экономика кафедрасының профессоры Гун Цзюн мен 2012 жылғы Шанхай Магнолия мемориалдық сыйлығының лауреаты, Duke Kunshan Университетінің атқарушы Вице-президенті Джон Квелч диалог жүргізуге шақырылады. Олар Қытайдың даму бағытын және алдағы бес жылдың негізгі мақсатын терең талдайды. Қытайдың қарқынды дамуына байланысты сыртқы әлемнің стратегиялық алаңдаушылығын ескере отырып, қос ғалым Қытайдың өз бизнесін табысты жүргізуге назар аударумен бірге, даму мүмкіндіктерін дүние жүзіндегі елдермен бөлісу сынды стратегиялық ниетін түсіндірді. Сонымен бірге, Қытай мен АҚШ-тың тіл табысуының оңтайлы жолын көрсетті.
«Қытайдың бесжылдық жоспары әрқашан ел табысының маңызды бөлігі болды»,- деді Джон Квелч. Ол Қытайдың бесжылдық жоспары елдің даму күн тәртібі мен мақсатын әлемге нақты көрсететінін, бұл Қытай дамуының ашықтығы мен анықтығын әйгілейтінін атап өтті.

people.cn © People's Daily Online



