- Барлық ақпарат
Ганьсу Увэй халықаралық жүк пойызы жаңа жылда Өзбекстанға алғашқы сапарын бастады
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 қаңтар

5 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жаңа жылдың басында Ганьсудың халықаралық логистикалық арналары тағы бір жетістікке қол жеткізді. 2026 жылдың 4 қаңтарында 47 вагонына 1300 тонна жоғары сапалы кокс тиелген жүк пойызы Увэй оңтүстік станциясынан тікелей Орталық Азия нарығына бет алды. Бұл Ганьсудың биылғы жылғы алғашқы халықаралық жүк пойызы.

Құны 4,06 миллион юань болатын Увэй Жунхуа коксы тиелген пойыз елден Шыңжаңдағы Қорғас шекарасы арқылы шығып, тоғыз күннен кейін Өзбекстандағы белгіленген станцияға жетеді деп күтілуде.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



