2025 жыл 1961 жылдан бергі ауа температурасы ең жоғары жыл болды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 қаңтар

5 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 4 желтоқсанда тілшінің Қытайдың метеорологиялық бөлімшесінен алған ақпаратына сәйкес, 2025 жыл 1961 жылдан бергі ауа температурасы ең жоғары жыл болған. Сол сияқты Қытайдың солтүстігінде жауын-шашынның ұзақтығы мен жиынтық мөлшері тарихта ең жоғары деңгейге жеткен.

Ұлттық климат орталығының климатқа қызмет көрсету бөлімінің аға инженері Ши Шуайдың айтуынша, Қытайдағы орташа температура 11,0℃ - ге тұрақтаған. Бұл бұрынғы орташа жылдық 9,9 градус цельсийден 1,1 градус цельсийге жоғары.

Маманның айтуынша, өткен жылы Шыңжаң, Цзянси және Хубэй сияқты 16 өлке-региондағы температура 1961 жылдан бері рекордтық деңгейге жеткен.

Ши Шуайдың айтуынша, өткен жылдың маусым-тамыз айлары аралығында елдегі орташа температура цельсий бойынша 22,3 градусты құраған. Бұл жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1 градусқа жоғары. Сондай-ақ 2024 жылдың жазымен бірге алғанда, 1961 жылдан бергі ең ыстық маусым деп танылған.

Метеорологиялық сарапшылар Бейжіңдегі жауын-шашын мөлшері 2025 жылы 1961 жылдан бергі ең жоғары рекордты өзгертті дейді. Солтүстік Қытайдағы жаңбырлы маусымның ұзақтығы мен жауын-шашынның жалпы мөлшері де тарихи шектен асып түскен.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото