Еліміздің «Үш солтүстік» ықтасын орман жобасының орындаған құрылыс міндеті 200 миллион мудан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 қаңтар

5 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық орман шаруашылығы және жайылым басқармасының мәліметтері бойынша, «14-інші бесжылдық» жоспар кезеңінде еліміздің «Үш солтүстік» ықтасын орман жобасы барлығы 349 миллион му құрылысты аяқтады. «Үш солтүстік» ықтасын орман жобасының шешуші күресінің үш негізгі жобасы 2023 жылдың 6 маусымында іске қосылғаннан бері барлығы 415 жоба жүзеге асырылып, 200 миллион му құрылысты аяқтады.

«Үш солтүстік» жобасының алтыншы кезеңі 2021 жылдан 2030 жылға дейін жалғасады. Әртүрлі аймақтар «жол салып, шөлді тізгіндеу», «фотоэлектр станциясын орнатып шөлді тізгіндеу» және «өнеркәсіп арқылы шөлді тізгіндеу» сияқты ұқсамаған басқару модельдерін белсенді түрде зерттеуде. Шөл дала, құмды алқап, өзен арналары және тау жоталары сияқты табиғи географиялық бірліктердің айналасында он аймақаралық бірлескен алдын алу және бақылау аймақтары жоспарланып, құрылды, құмды тізгіндеу міндеттері орындалды. Бүгінге дейін жоспардың алтыншы кезеңіндегі міндеттердің жартысынан көбі орындалды.

Биыл «15-інші бесжылдық» жоспардың басталуы және «Үш солтүстік» ықтасын орман жобасын жан-жақты ілгерілетудің шешуші кезеңі. Еліміз ғылыми қорғау, жүйелі басқару және ұтымды пайдалану сынды үш негізгі міндетке баса назар аударады. 2027 жылдың соңына дейін жоспардың алтыншы кезеңіндегі міндеттердің 70%-дан астамын орындауға және маңызды қамал алатын аумақтардағы басты міндеттерін негізінен аяқтауға күш салады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото