Былтыр елімізде 76 инновациялық дәрі-дәрмек мақұлданды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 4 қаңтар

4 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 3 қаңтарда Мемлекеттік дәрі-дәрмек басқармасының ақпараттарына сәйкес, 2025 жылы Қытайда 76 инновациялық дәрі-дәрмек сатылымға шығарылуға рұқсат етілді, бұл 2024 жылы 48 болған көрсеткіштен едәуір асып түсті.

Сонымен қатар 2025 жылы шетелде лицензияланып, айналымға түскен Қытай инновациялық дәрі-дәрмектерінің жалпы көлемі 130 миллиард АҚШ долларынан асты, рұқсат етілген транзакциялар саны 150-ден көп, бұл да рекордтық көрсеткіш.

2025 жылы Мемлекеттік дәрі-дәрмек басқармасы 76 инновациялық препаратты тізімге енгізген, оның ішінде 47 химиялық дәрі, 23 биологиялық өнім және 6 дәстүрлі қытай медицинасы препараты бар. 47 химиялық препараттың 38-і отандық инновациялық препараттар, 9-ы импорттық инновациялық препарат, отандық инновациялық препараттың үлесі 80,85%-ды құрайды; 23 биологиялық өнімнің 21-і отандық инновациялық өнім, 2-уі импорттық инновациялық препарат, отандық инновациялық препарат үлесі 91,30%-ды құрайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото