Қазақстан Сыртқы істер министрі: «Бір Қытай» қағидатын берік қолдаймыз

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 4 қаңтар

4 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев 2025 жылдың 30 желтоқсан күні Қазақстан «Бір Қытай» қағидатын берік қолдайтынын және Тайвань Қытай территориясының ажырамас бір бөлігі екенін мәлімдеді.

Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің 2025 жылы 31 желтоқсан күнгі мәліметіне сәйкес, Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хан Чуньлинь 2025 жылы 30 желтоқсанда Ермек Көшербаевпен кездесті.

Е.Көшербаев Қазақстан «Бір Қытай» қағидатын берік қолдайтынын, Тайвань Қытай территориясының ажырамас бөлігі екенін және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайға өкілдік ететін жалғыз заңды үкімет екенін мәлімдеді. Қазақстан Қытай үкіметінің ұлттық егемендік пен территориялық тұтастықты қорғауға бағытталған күш-жігерін берік қолдайды.

Фото:Қытайдың Қазақстандағы елшілігі

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото