Алғашқы Орталық Азия сандық археология бойынша таланттарды оқыту курсы аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 30 желтоқсан

30 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 29 желтоқсан күні Жібек жолы археологиялық ынтымақтастық және зерттеу орталығынан алған мәліметіне сәйкес, алғашқы Орталық Азия сандық археология бойынша мамандарды оқыту курсы жақында Сиань қаласында өтті. Орталық Азияның бес еліндегі археология және мәдени мұра саласының алдыңғы қатарындағы 12 жас ғалым курсты сәтті аяқтады. 10 күндік оқу барысында қатысушылар Қытай археологиясының жетістіктері мен Шэньси археологиясының ерекшеліктерін сандық археология тұрғысынан жан-жақты тани түсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото