Шыңжаңға келіп, қардан ләззат алыңыз

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 желтоқсан

24 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қыста Тяньшань тауының солтүстік баурайындағы Шыңжаңның Үрімжі қаласындағы Жібек жолы халықаралық шаңғы курортында туристер ақша қар үстінде сырғанап жүр. Шыңжаңның алғашқы 5S деңгейлі шаңғы курорты ретінде оның орташа қысқы температурасы -10℃ және шуақты күндері 90%-дан асады. Осындай бірегей артықшылықтарының арқасында мұнда келетіндердің аяғы үзілмейді.

Қазіргі уақытта Шыңжаңда 101 шаңғы курорты бар. Оның ішінде бесеуі ұлттық деңгейдегі шаңғы курорты аталып, саны жағынан ел бойынша бірінші орынға шықты. Жікпелең, Генерал тауы, Көктоғай және Жібек жолы шаңғы курорттары Қытайдағы ең үздік он шаңғы курортының қатарына кіреді. Шыңжаң қысқы туризмнің танымал бағыты ретінде тез дамып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото