Airbus компаниясының Тяньцзиньде құрастырылған 800-інші A320 ұшағы табыс етілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 18 желтоқсан

18 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 17 желтоқсанда Тяньцзиньдегі Airbus A320 сериялы ұшақтарының азиялық құрастыру желісі Қытайда құрастырылған 800-інші ұшақты ресми түрде табыс етті. Airbus A321neo ұшағын Air China қабылдап, басқарады. Ұшақтың барлығы 12 бизнес және 186 эконом санатындағы орындықтары бар.

Airbus Тяньцзинь құрастыру желісі 2008 жылы пайдалануға берілген. Әрі бұл Airbus компаниясының Еуропадан тыс жерлерде азаматтық ұшақтарды шығаратын алғашқы желісі болып табылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото