Биыл Қазақстанға Қытайдан 260 мыңға жуық турист келген

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 1 тамыз

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға Қытайдан шамамен 260 мың мейман келген, деп хабарлады Sputnik.

Айта кету керек, биылғы маусым айында Kazakh Tourism Қытайдың ірі туристік платформаларының бірі саналатын Zowoyoo компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Туристер санының артуына Қытайдың ірі туристік платформасы Zowoyoo-ның ықпалы да болған. 

«Қытайда бізге белгілі әлеуметтік желілер мен әлемдік брондау жүйелері қолданылмайды. Сондықтан Қазақстанды тиімді ілгерілету үшін Zowoyoo тәрізді жергілікті аудиторияны жақсы білетін, тәжірибесі бар серіктестер қажет. Бұл компания қазақстандық бизнестің туристік өнімдері мен қызметтерін қытай тіліне және жергілікті пайдаланушыларға түсінікті форматқа бейімдеуге көмектеседі», – деді «Kazakh Tourism» ҰК" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.

«Біз жылына шамамен 1 миллион турист тартуды жоспарлап отырмыз. Олардың Қазақстанға сапарларынан 2–3 миллиард АҚШ долларына дейін кірісті қалыптастыруға ниеттіміз», – деді Zowoyoo компаниясының өкілі Фу Сюэцзя.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото