- Барлық ақпарат
Қытайға транзит көлемін арттыру бойынша табысты келіссөздердің арқасында экспорт көлемі 6 пайызға өсті
ҚР QazaqGaz ұлттық компаниясы Энергетика министрлігіне 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері туралы есеп берді. Негізгі көрсеткіштердің өскенін және алдағы жылыту маусымына газ тасымалдау жүйесінің толық дайын екенін көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.
Алты ай ішінде компания газ жүргізу жоспарын артығымен орындап, тұтынушыларға 13,3 миллиард текше метр газ жеткізді. Сонымен қатар Қытайға транзит көлемін арттыру бойынша табысты келіссөздердің арқасында экспорт көлемі 6 пайызға өсіп, 2,4 миллиард текше метрге жетті.
«Біз даму қарқынын одан әрі сақтап, инновациялық шешімдерді енгізуіміз керек, серіктестермен ашық әрі сындарлы диалогты жалғастыруымыз қажет. Компания ұжымы қазіргі міндеттерді жоғары деңгейде атқарып отыр. Енді біз барлық күш-жігерімізді Қазақстанның газ суверенитетін ондаған жылдарға айқындайтын жобаларға жұмылдыруымыз керек», - деді ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.
people.cn © People's Daily Online