Жамбыл облысында жүгері өңдейтін зауыт салынып жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 шілде

ҚР Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдейтін зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды Sputnik.

Құрылыс «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында 2025 жылдың сәуір айында басталған.

Жобаны биоферментация саласындағы әлемдік көшбасшы Қытайдың Fufeng Group компаниясы жүзеге асырып жатыр.

«Бұл кәсіпорын Орталық Азиядағы ең ірі зауыттардың біріне айналмақ. Жоспарланған қуаттылығы – жылына 500 мыңнан 1 миллион тоннаға дейін жүгері өңдеу, кейін бұл көрсеткішті 3 миллион тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр», - деп жазылған хабарламада.

Бүгінгі таңда «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 791 миллиард теңгені құрайтын 21 жоба тіркелген. Барлық қатысушыға жер телімдері бөлінген. 2026–2030 жылдары жобалар толық қуатында іске қосылғаннан кейін 5 000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото