Чжэцзянның Иу қаласынан Орталық Азияға халықаралық автомобиль көлігі (TIR) желісі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 шілде

7 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 5 шілдеде экспорттық тауарлар толық тиелген халықаралық автомобиль көлігі (TIR) Чжэцзянның Иу қаласынан Өзбекстанның Ташкент қаласына жөнелтілді. Бұл Иу мен Орталық Азия арасындағы халықаралық автомобиль көлігі (TIR) желісінің ашылуын білдіреді.

Мәліметтерге сәйкес, бұл жолы Иу нарығының сатып алу және сауда декларациясын жасау әдісіне сүйене отырып, TIR үлгісін қосып, шағын және орта бизнестің көп салалы, шағын топтамалы сыртқы сауда қажетін төмен шығын, тиімді әдіспен қанағаттандырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото