Қытайдың Ішкі Моңғұлындағы құмның алдын алу, құмды тізгіндеу ауқымды жобасы аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 шілде

7 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың солтүстігі Ішкі Моңғұл автономиялық регионындағы үш үлкен шөлдегі құмнан сақтанатын белдеудің құрылысы аяқталды. Бұл Бадын-Джаран, Тэнгэр және Улан-Бух үш шөлін кесіп өтетін және шөлдің одан әрі кеңеюіне жол бермеуге бағытталған (ұзындығы 1856 шақырым) соңғы жасыл тосқауылдың аяқталғанын білдіреді.

Бұл үш шөл Ішкі Моңғұл автономиялық регионының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, жалпы ауданы 94 700 шаршы шақырым. Бұл автономиялық реионның жалпы шөлейт аумағының 83,04%-ын құрайды.

«Біз құмның ағуын тізгіндеу үшін көзді торларды қолданып, содан кейін сексеуіл сияқты құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді отырғызамыз. Бұл әдіс бізге құмды бақылаудың тиімді жүйесін құруға көмектесті және ақырында экологиялық тосқауыл қалыптастырды»,- деді Алашань Орман шаруашылығы және шабындық бюросының бас инженері Чжан Юйюн.

Соңғы 40 жылда Алашань 100 миллионға жуық му (шамамен 6,67 миллион гектар) жерде шөлейттенуге қарсы жұмыстар жүргізді. Бұл аймақ сонымен қатар Тэнгэр шөлінің оңтүстік-шығыс шетінде және Улан-Бух шөлінің оңтүстік-батыс шетінде жалпы ұзындығы 460 шақырым және ені 3-тен 20 шақырымға дейінгі құм тізгіндейтін тосқауыл белдеу салды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото