- Барлық ақпарат
Жылдың жақсы мезгілі : Сяошу (Шілде басы)
7 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Сәлем! Мен Саяхаттауды ұнататын Сисимін! Бүгін - Сяошу (шілде басы), жаз маусымындағы бесінші амал. Менімен бірге тау мен мөлдір бұлақтың сұлулығына толы Цяньдуннан Мяо және Дун автономиялық облысына барып, ыстықтан қашып, салқын самалды бірге сезініңіздер!
Бұрынғылар Сяошу кезінен бастап ауа райы ыстық болады деп сенген, бірақ әлі қатты ыстық деңгейіне жете қоймайды, сондықтан оны Сяошу (шілде басы) деп атаған. «Бұл мезгілде күн қапырықтанып, жауын-шашын көбейіп, лотос гүлінің жұпары тарап, жемістер мен көкөністер хош иісті болып, барлық тіршілік қаулап өседі.»
Халық арасында Сяошу кезінде «жаңа өнім жеу» дәстүрі бар. «Жаңа өнімді жеу» — жаңа піскен күрішті тұтынуды білдіреді. Сяошуда жиналған күріштен тағам дайындап, алғашқы өнімді тойлап, алдағы жылға мол өнім, ауа райының қолайлы болуын тілейді.
«Сяошудан бастап қапырық басталады», ежелгі Қытай күнтізбесіндегі «үш қапырық күнді» есептеу осы күнге дейін қолданылып келеді. Жазғы күн тоқырауынан кейінгі үшінші «онкүндік» - «бірінші қапырық» басталатын мезгіл, сондықтан Сяошу өте салып, «қапырық» басталады. Бір қызығы, Батыс халқы жылдың ең ыстық мезгілінде түнгі аспандағы ең жарық «ит жұлдыз» - Сүмбіленің таң атқанда күнмен бірге көтерілетінін байқайды. Олар осы кезеңде күн екі есе ыситынын сезеді, сондықтан бұл уақытты «Ит күні» деп атаған. Қытайдағы «Үш қапырық» немесе Батыстағы «Ит күні» болсын, әртүрлі мәдениеттерде аптап ыстық туралы ортақ естеліктер бар.
«Ысыса кенет жел лебі,
Бұл Сяошудың келгені», дегендей табиғаттың барша жаны жанданатын, ыстығы шарықтайтын осы мезгілде, мен сізге жазғы күннің шуағындай жарқын көңіл-күй және әрбір әдемі сәттен ләззат алуыңызды тілеймін.
people.cn © People's Daily Online