Ташкентте 157 жыл ішіндегі ең жоғары температура тіркелді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 шілде

Өзбекстан астанасында 4 шілдеде көлеңкеде ауа температурасы 43,5 градусқа жетіп, соңғы 157 жылдағы рекорд жаңарды. Бұл туралы Kazinform мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 1868 жылдан бері дәл осы күнге тіркелген ең жоғары температура саналады.

Сонымен бірге, Ташкенттің абсолюттік температура рекордына небәрі 1 градус жетпей қалды: 1997 жылдың 18 шілдесінде қалада 44,6 градус тіркелген болатын.

Ұқсас температуралық рекорд Наманган облысында да орнаған болуы мүмкін — мұнда 42,6 градус тіркелді. Бұл 2007 жылдың маусымында болған алдыңғы максимумнан 0,1 градусқа жоғары.

Өзбекстан аумағына қатты ыстық 2 шілдеде Ауғанстан мен Түрікменстан жақтан келген. Елдің оңтүстік аймақтарында аптап ыстық болған, әсіресе Термездегі температура 43 градусқа жеткен. Навоий облысының шөлді жерлерінде ауа 47 градусқа дейін қызған.

Синоптиктердің болжауынша, 6 шілдеден бастап республикада күн біртіндеп салқындай бастайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото