ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері бірлескен мәлімдеме жасады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 1 шілде

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Жиынға ҰҚШҰ-ға мүше Қазақстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан өкілдері келді деп жазды Kazinform.

Шағын және кеңейтілген форматтағы кездесулерде сыртқы істер министрлері халықаралық және өңірлік жағдай жөнінде, оның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері туралы пікір алмасты.

− Делегация басшылары Орталық Азия мен жалпы өңірдегі қауіпсіздікке қатысты негізгі мәселелерді талқылады. Терроризммен, экстремизммен және трансұлттық қылмыспен күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бұл қазір әлемдегі басты қауіп-қатердің бірі болып отыр. Осыған орай, іс-қимылды жеделдетіп әрі тиімділігін арттыру үшін күш-жігерді әрі қарай үйлестіру жөнінде шешімдер қабылданды, − деді Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлубаев БАҚ-қа мәлімдемесінде.

Сонымен бірге, отырыс қорытындысы бойынша төрт бірлескен мәлімдеме қабылданды:

• терроризм мен экстремизмге алып келетін радикалдануға қарсы іс-қимыл туралы;

• халықаралық ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде;

• Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы;

• Орта Шығыстағы ахуалға байланысты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото