Шыңжаң қаңтар-мамыр аралығында негізгі жобаларға шамамен 90 млрд юань инвестициялады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 30 маусым

30 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Шыңжаңды Дамыту және реформалау жөніндегі комиссиядан алған ақпаратқа сәйкес, қаңтар-мамыр айлары аралығында Шыңжаңның негізгі жобаларға жалпы инвестиция көлемі 89,82 миллиард юань болды, ірі жобалардың құрылысы қарқынды түрде жалғасып жатыр.

Олардың ішінде салынып жатқан жобаларға инвестиция 62,95 миллиард юаньды, жаңадан басталған жобаны аяқтауға салынған инвестиция 25,75 миллиард юаньды, ал резервтік жоба 1,12 миллиард юаньды құрады. Сала тұрғысынан, электр желілері, озық өндіріс және жаңа материалдар, жасыл тау-кен өндірісі және қайта өңдеу, мақта және тоқыма бұйымдары мен киім-кешек, әуежайлар, жолдар, мұнай және газ өндіру-өңдеу, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы сияқты негізгі салалардың инвестициялық прогресі көш бастап тұр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото