Шаньдун Дунъиндегі Хуанхэ өзенінің теңізге құяр тұсында тамаша көрініс пайда болды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 30 маусым

30 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Дунъин Хуанхэ өзені сағасы шығанағы Шаньдун түбегінің солтүстік бөлігіндегі бірегей әрі қойнауы құтқа толған өлке. Бұл жерде асау аққан Хуанхэ өзені көп қайраңды ағызып, көк шалқар теңізге құяды. Сары өзеннің суы мен көгілдір теңіз тоғысқанда көк пен сары түйісіп, тамаша көрініс пайда болады. Бұл көрініс жыл сайын туристерді өзіне баурап келеді.

Бұл ара әлемдегі жылы қоңыржай белдеудегі ең бүтін және ең жас сазды экожүйе. Оның бірегей экологиялық ортасы және бай биоалуантүрлілігі бар. Осындай байлығымен көптеген жыл құсының тіршілік ету ортасы мен қоныс аударғанда басып өтетін мекеніне айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото