Қазақстандық кәсіпорын Қытайға күнбағыс майын экспорттайды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 30 маусым

Қазақстандық кәсіпорын Қытайға күнбағыс майын экспорттайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстандық Altyn Shyghys өңдеу зауыты қытайға тазартылмаған күнбағыс майының партиясын жеткізеді. Дайын өнімді сатып алушы ҚХР астық резервтерін қалыптастыруға жауапты Sinograin мемлекеттік компаниясының тапсырысы бойынша қытайлық CITIS Construction Co Ltd. корпорациясы болмақ. Уағдаластық қазақстандық кәсіпорын базасында күнбағыс тұқымын қайта өңдеуді және одан әрі Қытайға май жіберуді көздейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото