Ағымдағы жылдың алғашқы бес айында Қорғас портының импорттық және экспорттық жүктерінің көлемі 18 млн тоннадан асты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 маусым

26 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қорғас Кеденінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Қорғас портының импорттық және экспорттық жүк көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 18,175 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға артқан.

Импортталатын тауарларға негізінен электротехникалық бұйымдар, өңделмеген мыс және мыс материалдары, ауылшаруашылық өнімдері, азық-түлік, металл кені мен минералды құмдар және т.б. жатады. Оның ішінде импортталатын азық-түлік тауарларының сауда көлемі айтарлықтай өскен. Ал экспортталатын тауарларды негізінен жаңа энергетикалық көліктер, электротехникалық бұйымдар, жоғары технологиялық бұйымдар, киім-кешек, тоқыма иірілген жіптер, маталар және олардың өнімдері құрайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото