Қытайда Күн телескоптарының жаңа буыны Сычуаньға орналасты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 маусым

25 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 24 маусымда Қытайдағы ірі ғылыми-зерттеу аспаптарын жасау жобасы болып табылатын «2,5 метрлік үлкен өрісті жоғары ажыратымдылықтағы Күн телескопы» (WeHoST), Сычуань өлкесінің Даочэн ауданына ресми түрде орналасты. Қосалқы нысандардың құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталып, телескопты құрастыру және пайдалануға беру жұмыстары жүзеге асады деп күтіліп отыр.

WeHoST - әлемдегі ең үлкен аксиметриялық күн телескопы. Қазіргі уақытта телескоптың корпусы аяқталуға жақын. WeHoST-тың негізгі айнасының диаметрі 2,5 метр, көруі анық және көру аумағы кең. Ажыратымдылығы ішкі және шетелдегі қолданыстағы үлкен калибрлі Күн телескоптарына қарағанда жоғары болумен қатар, көру өрісі үш-төрт есе кеңейтілген, күн белсенділігінің бүкіл аймағын бақылай алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото