Қазақстандық әуе компанияларына 6 елдің үстінен ұшуға тыйым салынды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 маусым

Орталық Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі елдегі әуе компанияларға 6 елдің үстінен ұшуға тыйым салды, деп хабарлайды Sputnik.

Азаматтық авиацияға төнген қауіптің жоғары деңгейін ескере отырып, Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливанның әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салды.

«Қалыптасқан жағдайға байланысты Орталық Шығысқа жолаушылар тасымалын орындайтын әуе компаниялар өз рейстерін осы елдердің әуе кеңістігінде жүзеге асырмай, айналып ұшады», - делінген хабарламада.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото