Гуанчжоуда Қытай-Еуропа пойызының алғашқы электрондық коммерция экспресс пойызы іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 маусым

20 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 18 маусымда Гуанчжоудан құны шамамен 330 000 юань болатын экспорттық тауарлар тиелген трансшекаралық электрондық коммерция пойызы жолға шықты. Бұл Гуанчжоудағы алғашқы Қытай-Еуропа электрондық коммерция экспресінің ресми жұмыс бастағанын білдіреді.

Пойызбен тасымалданатын тауарлардың ішінде Гуанчжоуда өндірілген киім-кешек, Фошаньның шағын тұрмыстық техникасы, Чжуншаньнан келген ыдыс-аяқ және басқа да тұрмыстық қажетті бұйымдар бар. Олар елден Қорғас порты арқылы шығып, 13 күннен кейін Италияға жетеді.

Шэньчжэньдегі бір халықаралық логистикалық компанияның кеден бөлімінің жауапты қызметкері Чжан Цзюньмэй: «Бұрын біздің трансшекаралық электрондық коммерция тауарларымыз негізінен Еуропаға теңіз немесе әуе арқылы жөнелтілетін. Теңіз арқылы тасымалданса 30 күннен астам уақыт кетеді, ал әуе тасымалының құны жоғары. Енді Қытай-Еуропа электрондық коммерция экспресі арқылы тауарлар Еуропаға 15 күнде жетеді. Бұл теңізбен тасымалдауға қарағанда уақытты екі есе қысқартады, ал логистикалық шығындар әуе тасымалы құнының бестен бір бөлігін ғана құрайды», - деп түсіндірді.

Қытай-Еуропа трансшекаралық электрондық коммерция экспресі арқылы апта сайын тауарлардың шамамен 40 стандартты сандығы экспортталады деп күтілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото