- Барлық ақпарат
Алматы БҰҰ Жаһандық шартының өңірлік желісін іске қосу орталығы болды
«БҰҰ Плаза» ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Орталық Азиядағы БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шартының көп елдік желісінің іске қосылуына арналған салтанатты шараға қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды DKnews.kz.
Іс-шараға БҰҰ Жаһандық шартының жаһандық операцияларының басшысы Оле Лунд Хансен, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі м.а. Стивен О'Малли қатысты.
Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Көп елдік желіні іске қосу үкіметтердің, бизнес құрылымдардың және азаматтық қоғамның адам құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты негізгі бағыттардағы күш-жігерін біріктіретінін атап өтті.
Сондай-ақ Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталық және БҰҰ Жаһандық шарты арасындағы ықтимал серіктестік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
people.cn © People's Daily Online