Алтайдың Қаба ауданында интернеттегі тікелей эфир арқылы бір күнде 1526 қозы сатылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 маусым

19 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 14 маусымда Қаба ауданының Теректі қалашығындағы Аққаба ауылында интернетте тікелей эфир арқылы қой сату іс-шарасы 100 мыңнан астам желі көрерменін және сол маңдағы туристерді жинады.

«Бір күннің ішінде бүкіл ел көлемінде 1526 қозыны асырап алушылар шықты, тапсырыстар барған сайын өсуде», - дейді Шыңжаңдағы ауылшаруашылық инвестициялары жөніндегі компанияның операциялық директоры Цзинь Чжунъу.

«Интернет желісіндегі мал шаруашылығы - бұл онлайн режимінде бақыланатын органикалық мал шаруашылығының инновациялық моделі», - деп түсіндірді Қытай банкінің Алтай бөлімшесі Қаба ауданы Сартам ауылындағы қызметкерлер ұжымының бірінші хатшысы Чжоу Кай. Тұтынушылар WeChat қосымшасы арқылы кішкентай қозыларды қашықтан сатып алып, оған қашықтан ие бола алады, ұялы телефон арқылы нақты уақыт режимінде сиыр мен қойдың өсу жағдайын тексере алады, жергілікті малшылар оларға малдарын бағып береді. 6 айдан кейін қойлар сойылып, еті сорғытылып, сүйегі боршаланып, мұздатылады және тоңазытқыш тізбегінде тасымалданады, соңында тұтынушылардың қолына жеткізіледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото