Қытай-Қазақстан бірлескен археологиялық зерттеуі жемісті нәтижеге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 маусым

19 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Шэньси өлкесінің Археология институты мен қазақстандық археологиялық топ 2017 жылдан бері Қазақстанда бірлескен қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген көне жәдігерлерді бірте-бірте әлемге таныта бастады.

Рахат аймағында биік платформалы қирандылар, елді мекендердің көне жұрты және бірқатар маңызды қабірлер қазылды. Есік ұлы қабірінің ауқымды қоршауының құрылысы бірте-бірте өзінің табиғи келбетін көрсете бастады. Ақтөбе ойпатында бірлескен археологиялық топ 700-ден астам жартас суреттерінің жиынтығын тапты.

Қазақстандық археологтардың пікірінше, қытайлық мамандардың шеберлігі мен «топырақты тығыздау жұмыстары» бойынша зерттеу тәжирибесінің молдығы арқасында, Есік ұлы қабірі сегізінші қорған қабірінің археологиялық жұмыстары бірқалыпты жүріп жатыр. «Бізді қытайлық әріптестеріміздің зерттеу әдістері таң қалдырды. Олар топырақты тығыздау құрылымын жүйелі түрде зерттейді. Қытай археологтары үшін әрбір тас, әрбір малтатас бағалы зерттеу объектісі». Есік Ұлттық тарих және мәдениет мұражайының директоры Гүлмира: «Бұл бізге ежелгі Іле өзені аңғарындағы жалпы өркениетті қалпына келтіруге көмектеседі», - дейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото