Орталық Азиядан Үрімжіге келетін туристердің қатары көбейіп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 маусым

19 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Биылдан бастап Орталық Азиядан келетін туристік тапсырыстар өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 106%-ға өсті, оның ішінде өзбекстандық туристер саны 164%-ға өсті. Танымал бағыттар тізімінде Үрімжі, Чэнду, Сиань және басқа қалалар Бейжің, Гуанчжоу және Ханчжоудан кейін Қытайға Орталық Азия туристерінің негізгі бағыттарына айналды.

Статистикаға сүйенсек, осы жылдың алғашқы бес айында Шыңжаңға 1,2539 миллион турист келген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,61%-ға көп; халықаралық туризмнен түскен табыс 1,18 миллиард АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,93%-ға өсті. Қытайдың визасыз режимін кеңейтуінің нәтижесінде Тяньшаньның солтүстігі мен оңтүстігі әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді кеңінен қабылдай бастады. Шыңжаңның мәдени туризм департаменті туристер саяхат кезінде Қытай мәдениеті мен Шыңжаңның әдет-ғұрыптарының тартымдылығын сезінуі үшін мәдени коннотацияларға терең бойлай отырып, мәдени туризмге тән өнімдерді жасауға бар күш-жігерін жұмсауда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото