Си Цзиньпин: Барлық тарап Таяу Шығыстағы жағдайды мүмкіндігінше тезірек салқындатуға күш салуы керек

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 маусым

17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 17 маусымда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанада өткен Қытай—Орталық Азия екінші саммиті кезінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Екі мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасты.

Си Цзиньпиннің айтуынша, Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады, бұл Таяу Шығыстағы шиеленістің кенеттен күшеюіне алып келді және Қытай бұл мәселеге қатты алаңдаулы. «Біз басқа елдердің егемендік қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығына қол сұққан кез келген әрекетке қарсымыз. Әскери қақтығыс мәселенің шешімі емес, аймақтық жағдайдың ушығуы халықаралық қауымдастықтың ортақ мүддесіне сәйкес келмейді. Барлық тарап шиеленістің одан әрі өршуіне жол бермеуі үшін қақтығысты мүмкіндігінше тезірек салқындатуға ықпал етуі керек. Қытай барлық тараппен бір ниетте болып, Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіруде сындарлы рөл атқаруға дайын».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото