Астана саммитін асыға күтеміз: Орталық Азия БАҚ өкілдері тағдыры ортақ Қытай-Орталық Азия қауымдастығын құруды асыға күтеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 маусым

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шақыруымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 16-18 маусым аралығында Қазақстанның Астана қаласында болып, екінші Қытай-Орталық Азия саммитіне қатысады. Орталық Азия елдерінің тілшілері онлайн «Халық Газеті» тілшісіне берген сұхбатында мыңжылдық Жібек Жолы достығының жалғасуы аймақтық ынтымақтастықтың негізін қалағанын және бұл саммит тіпті де етене тағдыры ортақ Қытай-Орталық Азия қауымдастығын құруға ықпал ететінін айтты.

Өзбекстанның «Народное слово» газеті бас редакторының орынбасары Руслан Кенжаев Өзбекстан мен Қытайдың терең тарихы бар екендігін, Жібек Жолы қос тарапты тіпті де жақындата түсетінін жеткізді. 2024 жылы Қытай Өзбекстанның ең ірі инвестиция көзіне айналды. Ал Қытай қаржыландыратын кәсіпорындар Өзбекстандағы шетелдік компаниялар қатарында көш бастайды. Бұл екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді.

Өзбекстан Журналистер қауымдастығы Ферғана филиалының төрағасы Мухаммаджон Обидов Қытай Өзбекстанның ең ірі сауда серіктесі екенін атап өтті. Бүгінде жұмысы басталған Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржол құрылысы үлкен маңызға ие және жобаның аяқталуы аймақтық экономиканың одан әрі дамуына ықпал етеді деп сенетінін жеткізді. Тәжікстанның «Согдийская правда» газеті саяси пікір бөлімінің директоры Наталья Дорофеева көптен бері Қытай жаңалықтармен айналысып, көптеген қытайлық достармен танысқанын айтты. Ол сөзін сабақтап, екі ел ежелгі Жібек Жолы арқылы байланысып қана қоймай, философия мен дәстүрлі мәдениетті құрметтеуде елдер арасында көптеген ұқсастықтар бар екенімен бөлісті. Мысалы, тәжіктің ежелгі философының «Туыс-туған, дос-жарандардың бас қосуы әлемдегі ең үлкен қуаныш» деген сөзі бар. Ал бұл нақыл атақты Конфуцийдің «Алыстан досым келгенде, қуанышым қойныма сыймайды» деген сөзімен үйлесіп, екі ел халқының туыстық, достық құндылықтарында үндестік табатынын көрсетеді. Наталья Дорофеева екі елдің де өзара қарым-қатынастың тереңдеуін асыға күтетінін айтты. ол елдің бұқаралық ақпарат құралдары Орталық Азия елдері мен Қытай халқы арасындағы байланысты ілгерілетуге көбірек үлес қосатынына сенетінін жеткізді.

Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігінің вице-президенті Нағашыбек Алдан Орталық Азия мен Қытай көшбасшыларының қол ұстаса алға ұмтылуы арқасында, «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу бастамасы аясында әртүрлі салалардағы ынтымақтастық бұрын-соңды болмаған ауқыммен және тереңдікпен дамып келе жатқанын, мұның әр ел халқына пайдасы тигенін айтты.

Етене гуманистік алмасулар Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасының айшықты тұсы болып табылады. 2024 және 2025 жылдары Қазақстан мен Қытай екі елдің туристік жылдарын өткізеді. Қазақстандық Хабар ақпараттық агенттігі тобы директорлар кеңесінің төрағасы Кемелбек Ойшыбаев екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары бір-бірінің туристік ресурстарын өз аудиториясына таныстыру мақсатында бірлесіп туристік деректі фильмдер түсіргенін жеткізді.

Қазақстан, Өзбекстан және Қытай өзара визадан босату саясатын дәйекті түрде жүзеге асыруда. Орталық Азия елдерінің БАҚ тілшілері өзара визадан босату саясаты елдер арасындағы барыс-келісті жеңілдетіп, екі тараптың бизнес пен туризм дамуына айтарлықтай ықпал еткенін айтты.

Мухаммаджон Обидов әлемдегі барлық елдердің тағдыры ортақ, ал бір елдің табысты тәжірибесі өзге елдердің үйренуіне әбден лайық. Барлық елдер бір-бірімен байланысып, бір-бірінің даналығынан сабақ алуы керек. Тек сонда ғана ортақ дамуға жетуге болады.

2023 жылы Руслан Кенжаев Сиань қаласында өткен бірінші Қытай-Орталық Азия саммитін хабарлауға қатысқан. Ол қазіргі уақытта бірінші саммит барысында қол қойылған көптеген ынтымақтастық жобаларының айтарлықтай прогреске қол жеткізгенін атап өтті. Журналист екінші Қытай-Орталық Азия саммиті аймақтық ынтымақтастықтың бағытын одан әрі нақтылайды, әрі экономика, сауда және гуманитарлық ғылымдар сияқты салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге жаңа серпін береді деп санайды.

Қырғызстанның «бишкек кешкі газеті» бас редакторының орынбасары Нина Ничипорованың айтуы бойынша, газет «Тағдыры ортақ қауымдастық» айдарын ашып, «Қытай—Орталық Азия» тақырыбында арнаулы хабарлар тарата бастаған. Хабарлар тізбегінің мазмұны бүкіл елдегі оқырмандардың көңілінен шығыпты. Қытайлық медициналық топ Қырғызстанда «Health Express International Bright Line» шарасын өткізіп, жергілікті тұрғындардың ықыласына ие болды. Нина Ничипорова Астана саммиті әр ел халқының игілігі үшін жаңа бастамаларға жол ашады деп күтеді.

Түркіменстанның «Алтын ғасыр» газетінің президенті Мырат Бекмурадов саммит елдер арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді одан әрі жетілдіріп, өзара сыйластық, өзара пайда жеткізіп, тең ұтысқа жету қағидаттарына негізделген ынтымақтастықтың жаңа шараларын ілгерілетуіне сенімді екенін айтты. Оның айтуынша, соңғы жылдары Түркіменстан мен Қытайдың білім беру саласындағы алмасулар жиілей түсті. Түркіменстанда қытай тілін үйренуге ниетті жастар көбейді. Болашақта олар Орталық Азия мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге күш салатын мамандар болмақ.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото